Спортшылар тұтқындалмақ

0
93

Зимбабве президенті Роберт Мугабе елінің олимпидалық құрамасының мүшелерін тұтқындауға бұйрық берді. Риодағы 2016 жылғы Олимпиадаға 31 зимбабвелік спортшы қатысып, ешқайсысы медаль ала алмаған болатын.
«Біз өздерін спортшымыз деп жүрген бұл жатып ішерлерге еліміздің қыруар қаржысын жұмсадық. Егер сіздер Ботсва­налық көршілеріміз секілді «мыс» немесе «жез» медаль үшін жаныңызды сала алма­саңыздар, демек, ақшамызды ауаға шашқа­ныңыз. Егер біздің мақсатымыз – Бразилияда туымызды көтеріп жүріп, гимнімізді орындату болса, Зимбабве университетінің сұлу қыздары мен жігіттерін-ақ жіберетін едік» – дейді Роберт Мугабе.

Жауап қалдыру