Солтүстік Корея Жапонияға қарай зымыран ұшырды

0
24

КХДР Жапон теңізіне қарай 6-наурызда бірден төрт баллистикалық зымыран атты. Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді, деп хабарлайды BBC. Оның айтуынша, 4 зымы­ранның 3-еуі теңізге құлағанша мың шақырымдық жолдан өткен. Айта кетерлігі, зымыран құлаған жер Жапонияның экономикалық аумағы саналады.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі зымыранның Тон­чхан (Солтүстік Корея) про­­вин­циясында орналасқан по­лигоннан ұшырылып, теңізге құлағанын растап отыр.
Алайда аталмыш аумақта қандай зымырандардың ұшы­рыл­ғандығы туралы нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Оң-түстік Корея билігі нақты қанша зымыранның ұшы­рылғаны жөнінде де жарытып ештеңе айтпай отыр.
Бірақ Оңтүстік Корея Қор-ғаныс министрлігінің өкі­лі жергілікті телеарналарда жасаған мәлімдемесінде зымы­рандар құрлықаралық болуы мүмкін деп жорамалдады.
Айта кетейік, Солтүстік Корея соңғы рет 12-ақпанда ракета ұшырған болатын. Оған КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын да қатысқан.

Жауап қалдыру