Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпақ

0
72

КХДР билігі АҚШ-пен Корей түбегін денуклеаризациялау мәселесін талқы­лауға дайын екенін мәлімдеді. КХДР басшысы Ким Чен Ын ядролық қарудан бас тарту мәселесін АҚШ президенті Дональд Трампен кездесу барысында талқыламақ.
7 көкекте белгілі болғандай, Вашингтон мен Пхеньян екі ел президенттерінің кездесуіне даярлықтары туралы құпия келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздерге Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры, АҚШ мемлекеттік хатшысы лауазымына шығарылған Майк Помпео жетекшілік етуде. Сонымен қатар, екі елдің барлау қызметінің өкілдері басқа елде кездескені туралы хабарланады.

Жауап қалдыру