Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартатындығын тағы да мәлімдеді

0
41

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарусыздандыруға және АҚШ президенті Дональд Трамппен саммит өткізуге дайын екендігін растады, деп мәлімдеді жексенбі күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ By.
«Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Пханмунджом декла­ра­циясына қол қойғаннан кейін Корей түбегін толық­тай ядролық қарусыз­дар­дыратынын кезекті рет жет­кізді. Сондай-ақ, ол АҚШ пен Солтүстік Корея сам­митін өткізу нәтижесінде конф­ронтацияға және со­ғысқа нүкте қоюға ниетті», – деді президент Мун сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында. «Біз, екі елдің көшбасшылары, Солтүсті Корея-АҚШ саммитін 12 маусымда өткізуге келістік», – деп атап өтті Оңтүстік Корея президенті.
Мұнан соң АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньянмен диалогты қайта жандандыру туралы мәлімдеді. Ол Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу өтуі әлі де мүмкін екенін айтты.

Жауап қалдыру