Словенияда президенттік сайлау өтті

0
30

Словенияның қазіргі президенті Борут Пахор президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 52,94 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Словения мемлекеттік сай­лау комиссиясының (МСК) мәліметінше, бюллетеньдердің 99,98 пайызы есептелді. Оның нәтижесі бойынша сайлауға қатысу 41,74 пайызды немесе 715 мың адамды құрады. Дауыс беруге құқылы электораттың саны – 1,7 млн. Бұл ретте МСК дауыс беруге жарамсыз 8,8 мың бюллетень анықталғанын хабарлады. Алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін 54 жастағы Пахор өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты. Биылғы жылдың тамыз айында ол жаңа президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлім еткен болатын. Словения парламенттік республика болып табылады, сондықтан президенттің құзыреті шектеулі.

Жауап қалдыру