Сириядан әскер шығару басталды

0
22

Сирия президенті әкімшілігінің мәлімдеуінше, Ресейдің Сириядан негізгі әскер күшін шығару туралы шешімі елдер арасында келіспеушілік туындады дегенді білдірмейді, – деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Мәскеудің бұл қадамы Дамаскімен келісілді және біраз уақыт егжей-тегжейлі зерделенді», – делінген «Фейс­бук» әлеуметтік желісін­дегі Башар Асад әкімшілігінің парақшасында. Дүйсенбі кешке Владимир Путин Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті. Ресей әскері қойылған міндеттерді орын­дағандықтан осындай шешім қабылданғанын айтып, Сириядан негізгі әскери күштерді шығаруды бұйырды. Әскерді шығару 15-наурыз­да басталды. Сонымен бірге, Сирия қорғаныс министрлігі Мәскеудің әскер санын азайту шешімі Сирияда кей бағыттарда айқас аяқталғаннан кейін екі тарап арасындағы жағдайды үйлестіру үшін қабылдағанын растады, – деп мәлімдеді Рейтер.

Жауап қалдыру