Сирияда химиялық шабуыл жасалды

0
39

Өткен апта жексенбіге қараған түні Дамаскінің жанында орналасқан Шығыс Ғута анклавының бір бөлігі Дума қаласында хлор толтырылған химиялық бомбаны жару салдарынан 40 адам мерт болды. Олардың дені – балалар.
Сириялық «Ақ дулыға» деп аталатын бүлікші топ ба­қылайтын аудандард­а жұмыс істейтін Сирия-АҚШ медициналық қоғамы мен Сирияның азаматтық қор­ғаныс қызметі бірлескен мәлім­демесінде шабуылды Сирия президенті Башар Асад күштерінің авиациясы жасады деп хабарлады. Бұл шабуыл Башар Асад Идлиб провинциясында бекінген бүлікшілер позицияына шабуыл кезінде зарин газын қолданғаннан кейін тура бір жылдан соң жасалып отыр.
Оқиға орнынан түсіп жатқан көптеген айғақтарға қара­мастан, Ресей сырт­қы істер министрлігі Сирия­дағы химиялық шабуылды «фейк» деп атады. Ал Түркия мен АҚШ Дума қала­сында жасалған химия­лық шабуылды қатаң айыптады. АҚШ президенті Дональд Трамп шабуылға «хайуан Асадты» қолдайтын Ресей мен Иран жауапты» деп мә­лім­деді. Трамптың сөзін­ше, осы шабуыл үшін Асад «үл­кен құн төлеуге тиіс бо­лады».

Жауап қалдыру