Сирияда шамамен 600 адам қаза тапты

0
84

Сирияның Шығыс Гута ауданында екі аптаның ішінде шамамен 600 адам қаза тауып, екі мыңнан астам адам жарақат алды.
Бұл туралы БҰҰ-ның Сирия­дағы дағдарысқа қа­тысты гуманитарлық кө­мек көрсету ұйымының қыз­мет­кері Панос Моум­цис мәлімдеді. «БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2401 қарарын қабылдағаннан бе­рі бір апта өтті. Бұл бір ай бойы атысты тоқтату үшін қабылданған болатын. Алайда қарар орындалмай келеді. Мен Сириядағы мил­лиондаған бейбіт тұр­ғын­дардың қауіп­сіздігі мен қорғалуына алаң­дап отыр­мын», – деді Моумцис.
Қабылданған шешім атыс­ты тоқтатуға ғана емес, кей­бір жағдайдың на­шар­­лауына да себеп бол­ған. Моум­цис, сондай-ақ өт­кен жылдың желтоқсан айынан бері 385 мыңға жуық адамның өңір­ден кетіп қалғанын айтты.

Жауап қалдыру