Шаруаларға смартфондар таратылады

0
74

Пәкістан Үкіметі фермерлерге 5 миллион смартфон береді. Оның көмегімен фермерлер ауа райын қарап, ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері туралы кеңестер ала алады, деп хабарлады Pakwired.
Мобильді телефондардың бірінші партиясы қазан айын­да жеткізіледі. «Фер­мерлер өнім­ділікті арттыру үшін пес­ти­цидтерді қалай пайда­лануға болатыны жайлы те­гін хабарламалар ала алады», – деп мәлімдеді Ақ­па­раттық технологиялар кеңе­сінің тө­рағасы Умар Саиф. Ол смарт­фондар үшін бағдар­ламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге Пәкістанның метеорологиялық бөлімі қатысқанын қосты, сондықтан фермерлер тұрақты түрде ауа райын бақылай алады. Бұдан басқа, смартфондар көмегімен олар мемлекеттен пайызсыз несие ресімдейді және үкімет бұдан бұрын бекіткен несие беру тәртібімен танысуға мүмкіндік туды.

Жауап қалдыру