Сауд Арабиясында кинотеатрлар қайта ашылады

0
56

Сауд Арабиясының билігі кинотеатрлардың жұмысына салынған тыйымның алынып тасталғанын мәлім етті. Аталмыш елде кинотеатрлар 1983 жылы жабылған болатын. Коммерциялық кинотеатрлардың жұмысына 2018 жылдың қаңтарынан қайта рұқсат етілетіні туралы Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінде айтылған.
«Бұл мәдениет саласының экономикасын дамытуда өз­ге­рісті кезең. Кинотеатр­лар­­дың ашылуы экономика өсі­мін ілгерілете түсіп, оны әртарап­тандыруға жол ашады», – деді министр Аллада Аллавад. Сон­дай-ақ министр тыйымның алынып тасталуы ханзада Мұхам­мед ибн Салманның іске асырып отырған әлеумет­тік және экономикалық рефор­маларының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті. Корольдік үкіметінің жоспарынша, 2030 жылға қарай елде 300 кинотеатр ашылатын болады. Бұл 30 мың жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы ішкі өнімге 24 млрд доллар көлемінде үлес қоспақ. Айта кетейік, елде өткізілген әлеуметтік реформалардың тағы бірі – келесі жылдан бастап әйелдердің көлік жүргізуіне тыйымның алынып тасталуы. Бұдан бөлек, 2018 жылы араб әйелдеріне алғаш рет спорттық стадиондарға баруға рұқсат етіледі. Сауд Арабиясының салт-дәстүрлеріне сәйкес, әйел адамның білім алуына, саяхат­тауына және өзге де іс-шараларға қатысуына тек ер адам ғана рұқсат ете алады.

Жауап қалдыру