Сауд Арабиясы Джемаль Хашогги қазасын мойындады

0
22

Сауд Арабиясының билігі журналист Джемаль Хашогги елдің Ыстанбұлдағы бас консульдығында болған төбелес кезінде көз жұмғанын жариялады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.
Сауд Арабиясының SPA агенттігінің деректеріне қарағанда, корольдіктің бас прокуратурасы осы оқиғаны тексерген. Тексеру нәтижесі бойынша «Джемаль Хашогги консульдыққа кіргеннен кейін, Сауд Арабиясының барлау қызметі оны елге күштеп алып кетпек болған. Алайда Джемаль Хашогги бұған көнбей адамдарды көмекке шақырып, шу шығарған. Осы кезде барлау қызметі оны ты­ныштандырмақ ниетте буындырған. Со­ның салдарынан Дже­маль Хашогги көз жұмған», – деп мәлімделді. САК Бас прокуратурасының ақпа­ратына сәйкес, журналистің өліміне қатысты оқиға тергеп-тексеріліп жатыр. Қазіргі кезде Сауд Арабиясының 18 азаматы ұсталған. Және билік журналист өліміне қатысты кінәлілер міндетті түрде анықталып, жазаланатынын айтуда.
Бұл дауға қатысты Сауд Арабиясы королі Салман тақ мұрагері
ханзада Мұхам­мед бен Сал­ман басқа­ратын министрлер каби­нетіне мем­лекеттік бар­­лау қызметінің жұмысын қайта құруды бұйырған. Хан­за­даның екі жоғары лауа­зымды кеңесшісі қызмет­терінен босатылған. Олар­дың бірі – барлау қызметі басшысының орын­басары, генерал-майор Ахмед әл-Ассири.
The New York Times басылымының дерегінше, ел билігі оны журналистің қазасына айып­ты деп атамақшы да бол­ған.
Айта кетейік, бұған
дейін көптеген әлемдік БАҚ журна­лист Джемаль Хашогги 2 қазан күні жоғалып кет­кенін және соңғы рет Сауд Арабиясының Түр­киядағы Бас кон­сульдығына кіргенін жазған. BBC-тің хабар­лауынша, Джемаль кон­сульдыққа ажырасуына бай­ланысты бірнеше құжат­ты реттеу үшін барған.

Жауап қалдыру