Санкциялар жақында алынбайды

0
161

«Елімізге салынған қандайда бір санкциялар бітеді деген қиялдан арылатын уақыт келді. Бұның ұзаққа созылатын түрі бар. Өзге елдің сайлаулары мен қандайда бір шетелдік басшыларға үміт артудың қажеті жоқ», – деді Медведев билік басындағы «Единая Россия» партиясындағы кездесуде.

Батыс Ресейге қатысты эко­номикалық санкцияларын Ук­раи­на­дағы дағдарыста Мәс­кеудің рөлі үшін енгізді. Еске салайық, бұған дейін АҚШ пре­зиденті Барак Обама Ук­раинадағы ахуалды тұрақ­сыз­дандыруға қатысы бар ресейлік тұлғаларға қарсы санкциялар енгізуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, Обама ресейлік шенеуніктердің Амери­кадағы активтерін тоқтату керектігін мәлімдеген.
Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзара тіл табысып, орыс-америка қарым-қатынасы реттеледі деп үміттенеді.

Жауап қалдыру