Samsung басшысы 12 жылға сотталуы мүмкін

0
239

Оңтүстік Кореяның проку­ратурасы Samsung Group ком­паниясының басшысы 12 жылға соттауды талап етті.
Тергеу органдарының пайы­мынша, миллиардер Чжэ Ён Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің құрбысы Цой Сун Сильге қар­жылық қолдау көрсетіп келген.
Ақысына Samsung басшысы өз бизнесін одан әрі дөңгелету үшін билік тарапынан жеңіл­діктер алып отырған. Мәлім етілгендей, ол Цой Сун Сильге жалпы алғанда 38,3 млн доллар берген. Сондай-ақ прокуратура жемқорлық схемасына қа­тысқан Samsung-тің тағы үш топ-менеджерін 10 жылға соттауды талап етуде.
Бизнесмен болса тағылған айып­тармен толығымен ке­ліс­пей отыр. Ол соңғы сөзінде компания үшін немесе жеке өз басына экс-прези­­дент­тен қан­дай да бір артық­шы­­лық­тарды еш уақытта сұра­ма­ға­нын айтты.
Сот соңғы шешімді 27 тамыз күні шығаратыны күтілуде. Чже Ён ағымдағы жылдың ақпан айынан бері қамауда отыр.

Жауап қалдыру