Сальвадордың экс-президенті 10 жылға сотталды

0
14

Сальвадордың бұрынғы президенті Антонио Сака ақша бопсалады және мемлекеттің 300 млн АҚШ долларына жуық қаражатын жымқырды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Сака әр айыптау бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұдан тыс, сот оны 260 млн долларды мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Бұрынғы президентпен бірге оның үкіметінің алты мүшесі де сыбайлас жемқорлыққа қатысқаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Экс-президент өткен айда түрме мерзімін қысқартуға үміттеніп, сот тағып отырған айыптарды мойындаған еді.

Жауап қалдыру