Ресейліктер Медведевтің қайта тағайындалуына қарсы

0
60

Ресей халқының тең жартысы Владимир Путиннің Дмитрий Медведевті Үкімет басына қайта әкелуіне наразы. Бұл туралы «Левада» орталығының жаңа «Қоғамдық пікір» қорының мамырдың соңында жүргізген сауалнамасында белгілі болды.
«Левада» орталығының мәліметіне қарағанда, сауалнамаға қатысқандардың 51 пайызы Медведевтің қайтадан премьер-министр болғанына наразы екенін айтқан. Және 8 пайызы әрі-сәрі екендіктерін білдірген. Ал «Қоғамдық пікір» қорының сауалнамасына қатысқандардың 45 пайыздан астамы да Медведевтің Үкімет басына келгеніне наразылығын білдірсе, 16 пайызы жауап беруден бас тартқан.
«Ведомости» басылымы «Медведевті кетірген жоқ» деген наразылық Путинге қарсы болған пікірлердің ішінде екінші орында тұрғанын жазады. Онда Медведевті қолдағандар зейнет жасын көтеру бастамасы мен басқа да ұсыныстарды қолдайды деген пікір айтылады. Алайда сауалнама қорытындысында зейнетақы жасын көтеруге 6-ақ пайыз қолдау білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні Медведев мемлекеттік думаның 433 депутатының 374 дауы­сын иеленіп, Ресей федерациясының Премьер-министрі болып қайта тағайындалған болатын.

Жауап қалдыру