Ресейлік кәсіпкерлер бір күнде 12 млрд доллар жоғалтты

0
53

АҚШ-тың жаңа санкциялары салдарынан ең бай 50 ресейліктің дәулеті бір күнде 12 миллиард долларға ке­міді. Санкция тізіміне енген бизнесмен Олег Дерипаска­ның дәулеті бір тәулікте 1 млрд долларға азайды. Оған тиесілі «Норильский никель» компаниясындағы әріптесі Владимир Потанин да дәл сондай қаржы жоғалтқан. Аталған бизнесмендерге тиесілі компаниялардың акция құны айтарлықтай түскен.
«Қара тізімге» енген Виктор Вексельберг те 1 млрд дол­­ларынан айырылған. На­рық­тың құлауынан Сулей­ман Керимов, Леонид Ми­хельсон, Геннадий Тим­чен­ко, Владимир Лисин, Роман Абрамович, Вагит Алек­перов және Алек­сей Мор­да­шов секілді ре­сей­лік кә­сіп­керлердің дәулеті ортайды. Санкция сал­да­рынан «ВТБ банкі», «Ру­сал», «Мечел», «Но­ри­льс­­кий никель» ком­па­ния­лары­ның акциясы құлды­рады. Тіпті әлем нары­ғын­дағы құнды қа­­ғаз­дар­дың ба­ға­сы түс­кен­нен кейін, ре­сей­лік рубль бағамы да бірден құн­­сыз­данған.
Сонымен қатар Олег Де­рипаскаға тиесілі «En+» ком­па­ниясы да «қара ті­зім­ге» енгеннен кейін, дирек­торлар кеңесінің екі мү­ше­сі қызметінен кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 6 көкекте АҚШ Ресей аза­маттары мен жеке ком­панияларға қатысты жаңа санкциялар енгізген болатын.

Жауап қалдыру