Ресейге тағы да санкция салынбақ

0
52

«Үлкен жетілік» елдері Украинаның оңтүстік-шығысындағы саясатына бола Ресейге қарсы санк­цияларды күшейтуі мүмкін. Бұл туралы Торонтодағы G7 СІМ басшылары кездесуінің қорытынды мәлімдемесінде айтылған. Бұл мәлімдемеде «Мәскеудің әрекеті талап етсе» сәйкесінше шешім қабылданады деп көрсетілген. Сонымен қатар, құжатта РФ-ға қарсы санкциялар Минск мәмілесіне сәйкес міндеттемелер орындалған жағдайда алынып тасталатыны айтылған.
Құжатта Ресейдің сыртқы саясатына «тұрақсыз­дан­дырғыш» деген сипат­тама берілген, ол өзге елдердің демократиялық жүйесіне араласты деп айыпталуда. «Үлкен жетілік» елдері Лон­донның БББ экс-полков­нигі Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына Мәскеудің қатысы бар еке­нін және Ресейден бас­қа ешкімге бұл шабуыл үшін жауапкершілік жүктеу­ге бол­майтыны және бас­­қа шындық жоқ де­ген қоры­тындысымен келіс­ті. Осыған қарамастан, «үлкен жетілік» елдерінің министрлері «жаһандық мә­се­ле­лер және аймақтық дағ­да­рыстар» бойынша РФ-мен халықаралық міндет­те­ме­лерін орындаған жағ­дай­да өзара жұмыс іс­теуге болады деп есеп­тейді.

Жауап қалдыру