Ресейге қарсы жаңа санкция күшіне енді

0
108

22 тамызда АҚШ-тың Ұлыбританияда ресейлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына қатысты Ресейге салған жаңа санкциясының алғашқы бөлігі күшіне енді. Шетелдік БАҚ мәліметінше, Вашингтон Мәскеу АҚШ-та 1991 жылы қабылданған химиялық және биологиялық қаруды бақылау және оны әскери мақсатта қолдануға тыйым салу туралы заңды бұзды деп біледі.
АҚШ Мемлекеттік депар­таменті 8 тамызда жария­лаған санкция бойынша, Ре­сейге азаматтық және әс­кери мақсатта бірдей қол­да­нылатын өнімдер мен АҚШ ұлттық қауіпсіздігі са­ла­сымен байланысты та­уар және технологияны экс­порт­тауға тыйым салы­нады. Бұған қоса, Ресейге мұ­най-газ саласына қа­тысы бар электроника, тех­но­логия мен қосалқы құрыл­ғы­лар жеткізуге де шектеу қойылады. Ресей егер хи­миялық қару бойынша ха­лықаралық сарап­шы­лар­мен жұмыс істесуден бас тартса, онда үш айдан соң тағы да санкция салынады. Ол санкцияда «Аэрофлот» ком­паниясы ұшақтарының АҚШ-қа ұшуына тыйым са­лып, екіжақты сауданы ба­рынша азайту қарас­ты­рылған.
Вашингтон Мәскеуге 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялағаны және Ук­раина шығысындағы агрес­сиясы үшін санкция сал­ған. Қазіргі уақытта Конг­рес­ке Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына арал­асуы оқиғасына байланысты жаңа заң жобасы түскен. Құжат Ресейдің дербес қа­ры­зына байланысты тран­зак­цияға шектеу қоюды көздейді. АҚШ-та Ресей­дің «Сбербанк», ВТБ, «Внешэ­кономбанк» және «Газ­промбанк» секілді ірі банк­терінің жұмыс істеуіне тыйым салу да қарас­ты­рыл­ған.

Жауап қалдыру