Ресейде аза тұтылды

0
84
YEKATERINBURG, RUSSIA - MARCH 27, 2018: Toys and flowers brought to Yekaterinburg's Labour Square to mourn the victims of the March 25 fire at the Zimnyaya Vishnya [Winter Cherry] shopping centre killing at least 64, many of them children, in Kemerovo. Donat Sorokin/TASS Россия. Екатеринбург. 27 марта 2018. Горожане на площади Труда во время акции в память о погибших при пожаре в кемеровском торговом центре "Зимняя Вишня". По официальным данным при пожаре в ТЦ "Зимняя вишня" на проспекте Ленина в Кемерове погибли более 60 человек. Донат Сорокин/ТАСС

РФ президенті Владимир Путиннің Кемероводағы өртке байланысты қаралы күн жариялау туралы жарлығына сәйкес 28 наурызда бүкіл елде аза тұтылды. Бұл жайлы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«2018 жылғы 25 наурызда Кемерово облысының Кемерово қаласында болған өрт салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шекті. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса, 2018 жылғы 28 наурызды РФ-да қаралы күн деп жариялансын», – делінген құжатта. Қаралы күнде елдің бүкіл аумағында мемлекеттік ту түсірілді. Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Оның 41-і жас бала еді. Қазірге дейін құрбандардың 25-інің тұлғасы анықталды.

Жауап қалдыру