Ресей Қырғызстанның қарызын кешірді

0
81

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның Ресей алдындағы мемлекеттік қарызын реттеу туралы келісімнің хаттамасын ратификациялады. Қарызды кешіру туралы келісімге 2017 жылдың тамызында екі елдің қаржы министрлері қол қойған.
Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атам­баев Ресейге сапары бары­сында Владимир Путин­нен сұраған. Құжатты рати­фика­циялау Қырғыз­стан­ның Ре­сей алдындағы 240 мил­лион долларын түбегейлі кешіру дегенді білдіреді. Бұл ақшаны 2012 жылы да қайта реттейміз деген келісім болған.
Ол кезде тараптар 488,9 миллион доллар қарызды төлеудің жаңа шарттары туралы келіскен. 2013 жыл­дың мамырында Ресей Қыр­ғыз­станның 188,9 мил­лион долларын кешірді. Қал­­ған 300 миллион дол­ларды 2025 жылға дейін кезең-кезеңі­мен қайтару керек бол­­ған. Мұнымен қоса, Қыр­ғыз­стан осы несиенің пайы­зын төлеп келді. 2017 жылы Қыр­ғызстан Ресейге 7,98 мил­лион доллар үстемақы төледі.

Жауап қалдыру