Ресей президенттігіне үміткерлер дебаты басталды

0
100

26 ақпан күні Ресей Федерациясы президенттігіне үміткерлердің сайлауалды дебаттары басталды. Сай­лауалды дебаттар үшін тегін эфирлік уақытты: «Россия 1», «Первый канал», «Россия 24», «ТВ Центр», Ресейдің қоғамдық телеарнасы, «Радио России» телеарнасы, «Маяк» және «Вести ФМ» ұсынды. РФ Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, телеарналар мен радиостанциялар «бірлескен үгіттік іс-шаралардың» форматын өздері белгілейтін болады.
Яғни олар пікірсайыс, «дөң­гелек үстел» немесе де­бат­тар түрінде өтуі мүм­кін. Ресейдің іс басын­дағы президенті, жаңа мер­зімге өз-өзін ұсынып отыр­ған Владимир Путин дебат­тарға қатысудан бас тарт­қандықтан, телекөрер­мен­дер жеті кандидаттың: Сер­гей Бабуриннің («Ресей жал­пыхалықтық одағы» пар­тиясы), Павел Грудинин­нің (Ресей Федерациясы Ком­­мунистік партиясы), Вла­ди­мир Жириновскийдің (Ре­сейдің либералды де­мок­ратиялық партиясы), Ксе­­ния Собчактың («Азамат­тық бастама»), Мак­сим Су­рай­киннің («Ресей ком­мунис­тері»), Борис Титов­тың (Өсім партиясы) және Гри­горий Явлинскийдің («Ал­ма») пікір­таласын тама­шалайтын бо­лады.
Айта кетейік, Ресейдің либералды демократиялық партиясының төрағасы Вла­димир Жириновский тікелей эфирдегі кейбір сай­лауалды дебаттардан бас тартып, оларды алдын ала жазып көрсетуді ұсын­ды.

Жауап қалдыру