Пхеньян зымыранның жаңа түрін ұшырғанын мәлімдеді

0
83

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды дегенге үнсіздіктерін бұзып, Пхеньян ортадан үлкен қашықтыққа ұшатын зымыранның жаңа түрін сәтті сынады деп мәлімдеді. Солтүстік Корея бұл зымыран АҚШ-қа жетуге шақ қалды деп Вашингтонды ескерткен.
Солтүстік Кореяның KCNA ресми ақпараттық агенттігінің 15-мамырдағы мәлімдемесінде сынақ зымыранның ірі ядролық оқтұмсықты алып жүруін тексеру мақсатында жаса­лынды делінген. Хабар­ламада зымыранның ұшырылғанын Солтүстік Корея президенті Ким Чем Ынның өзі қадаға­лағаны атап өтілген.
14-мамырда Пхеньян ұшырған зымыран халықаралық резонанс туғызып, ЕО мен НАТО «бүкіл әлемге қауіп төніп тұр» деп атады. Ал Ресей мен АҚШ Корей түбегінің күшеюіне алаңдаушылықтарын білдірді.
Зымыран 787 шақырым қашықтыққа ұшып, 2112 шақырым биіктікке дейін көтерілген. Мұның алдында дәл осындай ақпаратты Оңтүстік Корея мен Жапония хабарлаған. Зымыран Жапон теңізі мен Корей түбегінің ортасына құлаған.

Жауап қалдыру