Путин жаңа қарумен сес көрсетті

0
159

Ресей Президенті Владимир Путин «теңдессіз ядролық зымыран қаруына ие болғанын» мәлімдеп, Мәскеу «одақтастарына бағытталған ядролық соққыны өзіне қарсы жасалған шабуыл» деп қабылдайтынын ескертті. Кей сарапшылар Путин мәлімдемесі – президент сайлауы алдындағы электоратқа арналған саяси бағдарлама деп санайды.
Ресей президенті Влади­мир Путиннің өткен ап­та­да Федералдық жиын­ға дәс­түрлі жылдық жол­да­уы бұ­ған дейінгі 13 жол­­да­уы­нан «әскери ай­бы­нымен» ерек­шеленді. Кремль бас­шы­сы екі сағатқа жал­ғасқан баян­дамасының жартысына жуы­ғын қор­ға­ныс саласы мен стра­те­гиялық қару түрлеріне арнады. Әлемдегі ядролық қаруға ие державалардың бірінің басшысының баян­да­масының бұл бөлігі өткен ғасырдағы «жан­таласа қа­рулану» сарынында шық­ты. Көптеген сарап­шы­лар Пу­тиннің бұл сөзін «құр боп­салау» деп, сайлау ал­дындағы ұпай жинау деген баға берді.

Жауап қалдыру