Путин «шетел агенті» заңына қол қойды

0
11

Ресей президенті Владимир Путин шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына шетелдік агент статусын беретін заңға қол қойды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес бұдан былай шетелден (оның ішінде шетелдіктер қаржыландыратын ресейлік заңды тұлғалардан) қаржы немесе мүлік алатын кез келген шетелдің бұқаралық ақпарат құралы шетелдік агент болып саналады. Әзірге нақты басылымдар мен телеарналар аталған жоқ.
«Қайсыларды шетелдік агент деп тануды елдің Әділет министрлігі шешетін болады. Қажет болса ол бұл үшін шетелдік агент болып танылған бұқа­ралық ақпарат құрал­дарының жеке тізімін жасай ала­ды» деп хабарлайды агенттік.
Шетелдік агент болып танылған БАҚ өздерінің материалдарын сәйкесінше белгілеуі және есеп беріп отыруы тиіс. Ал егер тіркелуден бас тартса, шетелдік агенттер-коммерциялық емес ұйымдар туралы заң нормасының аясына түсетін болады.
Бұдан бұрын Ресейдің Әділет министрлігі «Америка дауысы», «Азаттық» радиосы», «Кавказ.Реалии», «Крым.Реалии», «Сибирь.Реалии», «Idel.Реалии» басылымдары және «Настоящее время» телеарнасы шетелдік агент болып танылуы мүмкін екенін ескерткен.

Жауап қалдыру