Президентке тіл тигізгені үшін бас редактор тұтқындалды

0
63

Түркияның «Today›s Zaman» газетінің бас редакторы Бюлент Кенеш тұтқынға алынды. Оған танымал Twitter-дегі микроблогы арқылы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға тіл тигізді деген айып тағылуда.
Ал Бюлент Кенеш бұл айып орынсыз екенін, ол тек заңмен белгіленген сөз бостандығын пайдаланып сын айтқандығын алға тартты. Таяу күндерде Ыстамбұл полициясы бас редакторды жұмыс орнынан ұстап әкетті. Енді оның ісі сотта қаралмақшы. Түркияда журналистерді тұтқынға алу­дың бұл алғашқы оқиғасы емес. Тайып Ердоған президент болып сайланған өткен жылдың тамыз айынан бері жүздеген адамға «мемлекет басшысына тіл тигізді» деген айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілген. Тіпті осы жаламен ағымдағы жылдың маусым айында Бюлент Кенешті 21 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды.

Жауап қалдыру