Президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті

0
22

Ирандағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы сайлаушылардың 59% дауысын жинап, жеңіске жетті.
Иран ІІМ-інің алдын ала мәліметтері бойынша, Рухани 22 млн 800 мың сайлаушының қолдауына ие болған. Ал оның басты қарсыласы – Эбрахим Раиси – 39 %-ға жуық дауыс жинады ( 15 млн 452 мың адам дауыс берген). Президент сайлауына 40 млн ирандық қатысып, дауыс берушілер саны 70% құраған. Заңнамаға сәйкес, бірінші айналымда 50%-дан жоғары дауыс жинаған үміткер жеңімпаз атанады. Хасан Рухани 68 жаста. Ол елдегі либералдық реформаларды қолдап, өзге елдермен байланысты жақсартуға уәде беріп отыр.

Жауап қалдыру