Пашинян Армения премьер-министр лауазымына сайланды

0
77
Leader of the opposition Nikol Pashinyan holds a speech during the RA Prime Minister’s election at the special sitting of the National Assembly

Армения парламенті соңғы он күн ішінде ел премьер-министріне дауыс беріп, оппозиция лидері Никол Па­шинян кандидатурасын қолдады. Армения парламенті оппозиция лидері, «Елк» партиясының жетекшісі Никол Пашинянды ел премьер-министрі етіп сайлады. Дауыс беру мамырдың 8-і күні өтті. Пашинян кандидатурасын 59 депутат жақтап дауыс берген. 42 депутат қарсы болған. Оның кандидатурасы «Елк», «Царукян» және «Дашнакцутюн» партиясының фракциялары мен Респуб­лика партиясынан сайланған кей депутаттар қолдаған.
Парламент дауыс беріп жатқанда Еревандағы Рес­пуб­лика алаңына мың­да­ған адам жиналып, Пашинянға қолдау білдірді. Парламентте сөз сөйлеген Пашинян Ресеймен қарым-қатынас достық пен теңдік негізінде құрылу керектігін айтты. Пашинян АҚШ, Еуропа одағы, Қытай, Иран, Гүржістан, Үндістанмен байланысты жақ­сартуға уәде берді. Бакумен Таулы Қарабах жан­жалына байланысты тең дәре­жеде бейбіт келіссөз жүргізуге дайын екенін де айтты. Парламент жиынынан кейін Никол Пашинян ел президенті Армен Саркисян­мен кездесті. Енді Пашинян екі апта ішінде үкімет мүшелерінің тізімін жасап, президентке ұсынуы тиіс.

Жауап қалдыру