Парижде ұшатын такси іске қосылады

0
95
The new developped "CityAirbus" air taxi is displayed on stage at the town hall place in Ingolstadt, on March 11, 2019. - The Ministry of Transport launches a new financial assistance programme for the development and trialling of drones and air taxis. (Photo by Armin Weigel / dpa / AFP) / Germany OUT (Photo credit should read ARMIN WEIGEL/AFP/Getty Images)

2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында Парижде ұшатын пилотсыз такси қызметі іске қосылады. Бұл туралы Airbus компаниясының өкілдері Ле-Буржеде өткен 53-інші Халықаралық ғарыш конференциясында айтты.
Phys.org порталының хабар­лауынша, ұшатын такси қызметі жолаушы­лар­ды Шарль-де-Голль әуе­жа­йынан қала орталы­ғына қарай тасымалдайтын бола­ды. Жобаны Германия мен АҚШ-та екі топ әзірлеп жатыр. Конференцияда ма­ман­дар америкалық ком­па­ния көлігінің моделін таныс­тырды. «Vahana» деп ата­ла­тын ұшатын аппарат электр тогымен қозғалады және пилоттан басқа бір жолаушыға арналған. Көлік атауын ғалымдар үнді мифо­логиясынан алған. Компания өкілдерінің айтуынша, осы күнге дейін ұшатын такси 80 рет сынақтан өткізілген. Такси жылдамдығы саға­тына 160 шақырымды құ­рай­ды.
«Airbus басшылығы 2024 жазғы олимпиадада «фран­цуз ноу-хауы» барша әлемге таныстырылатынын айтты. Airbus компаниясының бас директоры Гийом Форидің айтуынша, Олимпиадаға дейін барлық талаптарға сай екі жоба бір көлікке кірік­­тіріледі», – деп жазады портал. Ал Шарль-де-Голль әуе­жа­йының өкілдеріне сен­сек, жоспар бойынша аэро­такси әр алты минут сайын ұшып отырады. 2019 жыл­дың соңына дейін әуе­жай аэротакси қызметіне арнайы жер бөледі. Оны дайын­дау үшін 10 миллион еуро жұмсалмақ.

Жауап қалдыру