Палестина Израильді мойындаудан бас тартпақ

0
23

Израиль Палестинаның 1967 жылғы астанасы Шығыс Иерусалимді мойындамаса, Палестина Орталық Кеңесі Израильді мойындаудан бас тартатынын мәлімдеді.
Мұндай шешімнің орын­далуы Палестина президенті Махмуд Аббасқа байланысты болмақ. «Израильдің қол қойылған келісімдерден бас тартқандығына байланысты Палестина Орталық Кеңесі өтпелі кезеңді жоқ деп есептейді. Егер Израиль 1967 жылдағы шекарадағы Палестина мемлекетінің астанасы Шығыс Иерусалим екенін мойдамаса, палес­тиналық билік пен палес­тиналық орган Израильмен келісімдерге қатысты мін­дет­темелерін тоқтату тура­лы шешім қабылдайды, – деп мәлімдеді Палестина Орталық Кеңесі. Сонымен қатар, Палестина Из­раильмен қауіпсіздікті ны­ғайту және экономикалық үй­лес­тіруді тоқтатуға дайын.

Жауап қалдыру