П. Порошенко коммунизмді насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды

0
28

Украина президенті Петр Порошенко үстіміздегі жылғы 15-мамырда Украинада кейбір насихат символдарына тыйым салатын төрт заңға қол қойды. Бұл туралы ел президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, «Комму­нис­тік және ұлттық-социалис­тік (ұлт­шыл­дық) тоталитар­лық жүйені тал­қылауға және елде олар­дың бел­гі­лерін наси­хат­тау­ға», «Ком­му­нис­тік тоталитарлық жүйе­нің 1917-1991 жылдар ара­лы­ғын­да­ғы жазалаушы ор­ган­дары­ның ар­хи­вінің қол­же­тім­­ділі­гі­не», «1939-45 жылдар ара­лы­ғын­да­ғы екінші дү­ние­жү­зі­лік со­ғыс­та­ғы ұлт­шыл­дық же­ңіс­ті еске алуға», «XX ғасырда Ук­раи­наның тәуелсіздігі жолында күрескендердің құ­қық­тық мәртебесі» атты заң­дар бұ­ған дейін Жоғарғы Радада қа­был­дан­ған болатын. Ал бұл заңдарды бұзғандарды 5 жылдан 10 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айыру қа­рас­тырыл­ған.
Жалпы осыған ұқсас заң­дар Польша мен Балтық елдерінде қолданыста бар. AFP фран­суздық ақпарат агент­тігі­нің мә­лі­ме­тінше, аталмыш заңды ре­сейлік билік «тота­ли­тар­лық әдіс­ке» көшу деп сына­ған.Оған жауап ретінде Киев Крем­льдің советтік символдарды өз мүддесіне бұрмалап пай­да­ланатынын, Екінші дүние­жү­зі­лік соғыс жайында да жал­ған аңыздар шығарып, оны Украинаға қарсы қолданғанын мәлімдеген.

Жауап қалдыру