Қорғас болашақта «Қытай Голливуды» болмақ

0
60

Қытайдың «Қасқыр жауынгерлер 2» (Wolf Warriors 2) атыс-шабыс жанрындағы фильмі экранға жол тартқанына 12 күн ішінде 3,4 млрд юань (507 млн АҚШ доллар) жинап, Қытайдың кино нарығында кассалық табыс бойынша жаңа рекорд орнатты.
Дәл осы кассалық қытайлық фильмнің 14 продюсерінің үшеуі – Қытайдың «Голливуды» – Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының шекаралас Қорғас қаласынан. Қорғас – Қытай мен Қазақстанның шекарасындағы ірі құрлық бақылау-өткізу бекеті – 2014 жылы оған ресми түрде қала мәртебесі берілді. Ол ежелгі Жібек жолындағы маңызды торап болған. Қорғасты Батысқа шы­ғаратын терезеге айналдыру мақсатында Қытай үкіметі оған түрлі салалар бойынша жеңілдік көзделген саясат қарастырып, барлық бағыттар бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық қырынан да­муына мүмкіндік беруде. Соның ішінде, кинематография, телеарна, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары индустриясы қарқынды дамуда. Айта кетейік, қазіргі кезде Қорғаста жалпы капиталы 15 млрд юаньнан асатын кине­матография, телеарна, мәдениет пен бұқара­лық ақпарат құрал­дары сала­сын­дағы 1847 кә­сіпорын жұмыс істеуде.

Жауап қалдыру