Олимпиада шығыны қысқартылмақ

0
87

Бразилия Олимпиадаға жұмсайтын шығын көлемін қысқартады. Енді ел бюджетінен Жазғы ойындарға бөлінетін қаржы 30 пайызға кемиді деп хабарлайды 24.kz.
Атап айтсақ, Рио-де-Жаней­родағы әлемдік шараның ашы­лу салтанатына 2012 жылы Ұлыбританияда өткен Олим­пиа­даның ашылуына жұм­сал­ған қаржының оннан бірі ғана бөлінбек. Бірақ ұйымдас­тырушылар «бұл қысқарту спорт шараларын өткізуге ке­дергі келтірмейді» деп сендіруде. Олардың айтуынша, бұл қадамға экономикалық дағдарыс себеп болған. Оның үстіне, ел билігі халықтың жаппай бас көтеруінен қорқып отыр. Айта кетейік, Бразилия­да Жазғы Олимпиада ойындары келесі жылы өтеді. Оған әлемнің 15 мыңға жуық спорт­шысы қатысады деп күтілуде.

Жауап қалдыру