Обырға қарсы иммундық терапия оң нәтиже көрсетті

0
28

Обырға қарсы иммун­дық терапияның жаңа әдістемесін жасап шы­ғарған екі иммунолог дә­рігер – америкалық Джеймс Аллисон мен жа­пондық Тасуку Хондзё Нобель сыйлығының лау­реаты атанды.
«Аллисон и Хондзё баяу­лату түрлі стратегия­ларының обырды емдеу кезінде қалай қолданылатынын көрсетті», – деп мәлімдеді Нобель ассамблеясы Шведияның Karolinska институтында. Мұн­да сыйлық лауреат­тарына 9 миллион швед кро­­насы ($1 миллион) таға­йын­далды. Қос лауреат адам ағзасы мен оның иммундық жасушаларында ісіктің пайда болуының алдын алатын протеиндерді зерттеген. Жыл сайын медицина сала­сындағы сыйлық ең бі­рінші беріліп, Нобель апта­лы­ғын ашып отырады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүр бойынша 10 жел­тоқсан күні, Нобель сый­­лықтарының негізін қа­ла­ған швед кәсіпкері әрі өнертапқыш Альфред Но­бель (1833-1896) қайтыс бол­ған күні өтеді.

Жауап қалдыру