Оқу ақысы бөтелкемен төленетін мектеп

0
89

«Ата-аналар баланың оқу ақысын пластик бөтелкелермен төлейді. 32 жастағы Ориола Олувасейи Нигериядағы Лагостағы коммерциялық орталыққа барып, күнделікті бөтелке жинайды. Осылайша, төрт баланың анасы бөтелкелермен Морит халықаралық мектебінде оқитын қызының оқу ақысын төлейді», – деп жазады CNN басылымы.
Автордың сөзінше, Морит халықаралық мектебі ACI (Африка тазалық бас­та­­масы) үкіметтік емес ұйы­мы­мен бірлесіп мектеп­тегі оқу ақысын пластик бөтел­келермен қабылдау жоба­сын қолға алды. «RecyclesPay деп аталатын жоба аясында кірісі төмен топтарға балаларын оқы­туға мүмкіндік беріліп отыр. Олувасейи сияқты ата-ана­лар айына екі рет өң­деуге жарамды пластик бө­тел­келерді мектепке тап­сы­рып, оқу ақысын жаба­ды. Әр 200 келі бөтелке 11 долларды құрайды. Ал халықаралық мектептегі оқу ақысы бір семестрде 24 доллар тұрады», – деп жазады автор.
Мәлім болғандай, жыл сайын Лагоста 450 мың мегатонна пластик қалдық тасталады. Ал Нигерия плас­тикалық ластану бо­йын­ша әлемде 11-орында тұр. «ACI жобасы Лагостың бес мектебінде жүзеге асы­ры­­­лады және осы жоба­мен мыңнан астам бала оқып жа­тыр. Бұл жол эко­ло­гия­лық проблеманы шешіп қана қоймай, эконо­микалық по­тенциалды да арт­ты­ра­тыны сөзсіз», – делін­ген CNN-да.

Жауап қалдыру