Оңтүстік Кореяның экс-президенті қамауға алынбақшы

0
22

Оңтүстіккореялық сот бұрынғы президент Пак Кын Хені тұтқындауға ордер берді. Бұл туралы WTN телеарнасы хабарлады.
Корея Республикасының прокуратурасы сотқа тиісті өтінімді 27-наурызда жіберді. Осылайша, сот экс-президент атына тергеу таққан айыппен келісті. Олардың бастысы пара алу және билікті теріс пайдалану болып табылады.
Қырғызстанда митинг болды
Қырғызстанда 25-наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 14.30-да Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында митинг басталды. Өздерін парламенттің экс-депутаты Садыр Жапаровтың жақтаушысымыз деп атаған 600 адам оны босатуды талап етті.
Шеруге шыққандар мен оларды тоқтатуға тырысқан полицейлер төбелескен. Ер адамдар өздерін тым дөрекі ұстап, шабуыл жасаған. Олар бұрынғы депутатты боса­туға 20 минут беретінін мәлім­деген. Кейін МҰҚК ғимара­ты айналасындағы қоршауды бұзып өткісі келіп, жанжал шығарған. 16.30-да шерушілерді күшпен таратуға және ұстауға арналған шаралар жүргізілген. Басылымның мәліметінше, жан­жал кезінде шерушілер ұстал­ғандар отырғызылған көлік­тердің терезесін сын­дырған. Ұсталғандардың ішінде митингте сөйлеген экс-омбудсмен Турсунбек Акун бар.
Минскідегі «арамтамақ салығына» қарсы шеру
25-наурыз күні Беларусь астанасында Якуб Колос алаңы мен ғылым академисы алдында митинг өтті. Шеруге қатысқандар Александр Лукашенконың жұмыссыз азаматтарға арнайы салық салуына қарсылық білдірген. Би-би-си тілшісінің хабарлауынша шеруге екі мыңға жуық адам қатысқан.
Сонымен бірге наразылар зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы екендерін айтып, биліктен халық табысының азаюын тоқтатуды және «еркін әрі әділ сайлауды қайтаруды» талап еткен. Соңғы жылдар бедеріндегі Беларусьтегі ең ірі қарсылық акцияларының біріне айналған «Ашулы беларустар шеруін» ұйымдастырушылар арасында ел президенттігіне экс-кандидаттар Николай Стат­кевич пен Владимир Некляев те бар. Нәтижесінде шеруге шық­­қан­дар мен полицейлер ара­сын­да қақтығыс орын алып, жаппай шерушілерді ұстау мен қамау операциясы жүргізілді.
Шетелдік БАҚ көздерінің хабар­лауынша, қамауға алын­ған­дардың көбі журна­листер мен белсенділер одан қалды шеруге келген қарттарда қа­малған. Соңғы деректер бойынша мыңнан астам адам қамауда отырған көрінеді.

Жауап қалдыру