Ниқаб киюге тыйым салынбақ

0
90

Мысыр билігі әйелдерге ниқаб, яғни бет-ауызын тұмшалап жүруге тыйым салатын заң жобасын дайындауда. Бастамаға бірқатар қоғам қайраткері да қолдау білдірді.
Оған сәйкес, қыз-келіншек­терге қоғамдық орындар мен әкімшілік мекемелерде бетін бүркеп алып жүруге рұқсат берілмейді. Жалпы, өткен айда Каир университетінің басшы­лығы медициналық факультет студенттеріне ниқаб киюге тыйым салған болатын. Ал одан бұрын білім ошағы оқытушылар үшін де осындай ереже енгізген. Өйткені бетін бүркеп алған ұстаздармен сөйлесу қиын деп, – студенттер жиі шағымдана бастапты.

Жауап қалдыру