Үндістандықтың асқазанынан 7 келі темір алынды

0
13

Нью-Дели қаласының дәрігерлеріне 35 жастағы Мэксуд Хан атты үнділік азамат асқазанының ауыратынын айтып келген. Тексеруден кейін оның асқазанында көптеген тиын мен өзге темір-терсек жатқаны анықталған, – деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zee News басылымына сілтеме жасап.
Нәтижесінде ол Сатнадағы Санджай Ганди атындағы ауруханаға жатқызылып, сол жерде ота жасалды. Оның асқазанынан алынған темір-терсектің жалпы салмағы – 7 келі. Ұлыбританиялық Yahoo жаңалықтарында Ханның ақыл-ес кемістігі бар екені туралы айтылған. Отбасы оның темір-терсекпен тамақтанатынын жақсы білген екен.
«Бастапқыда науқас бізге үш айдан бері асқазанының ауырып жүргенін айтты. Тексеру барысында оның асқазанындағы темір-терсекті көріп қатты таңғалдық. Тәжірибемізде мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырмыз. Дені сау адам бұлай жасамайды», – дейді дәрігер Прийанк Шарма.

Жауап қалдыру