Үнденезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
18

29 қазан күні таңертең үнденезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. Бұл туралы Jakarta Post басылымы хабарлайды.
Басылым таратқан ақпа­рат­қа сәйкес, жергілікті уа­қытпен ұшақ таңғы 6:20-да жоғарыға көтерілген. Алайда 13 минуттан соң ол радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.
Үнденезиялық құт­қарушы­лардың мәліметінше, ел ас­танасы Джакартадан Пан­­калпинанг қаласына ба­ғыт алған Boeing 737 MAX 8 Ява аралының ба­тыс жаға­лауын­дағы те­ңізге құ­ла­ған. Ресми де­рек бо­йынша, борттағы 189 адам­ның үшеуі – бала, сон­­­дай-ақ онда 2 ұшқыш жә­не 5 жолсеріктің болғаны анықталды. Олардың бар­лы­ғы да қаза тапқан. Мұ­нан бөлек, Үнденезия қар­жы ми­нистрлігінің 20 лауа­зымды тұл­ғасы отырған.
Үнденезиялық құтқару­шылар ұшақ апатынан қаза тапқан 10 адамның денесін тапты. Қазір апат орнында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала тергеу бойынша ұшақтың құлауына жанармай багының өртенуі себеп болған көрінеді.

Жауап қалдыру