Үнденезияда селден 5 мың адам жапа шекті

0
107

Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Үнденезияның Батыс Ява аралында сел жүріп, екі адам көз жұмды.
Дәл қазір полиция қызмет­кер­лері мен жер­гілікті тұрғындар із-түссіз жоғалған төрт азаматты іздестіріп жатыр. Бұдан өзге Үнденезия астанасында болған сел салдарынан 5 мыңға жуық адам жапа шекті. Джакарта арқылы өтетін Чиливунг өзенінің суы өз деңгейінен көтерілген.
Джакарта губернаторы Аниес Басведан астанадағы бірнеше мың тұрғынның қауіп­сіз жерге көшірілгенін хабарлады. Кей тұр­ғын өздерінің үйлерінде қалуды жөн көрді.

Жауап қалдыру