Мысырдың бұрынғы президенті 20 жылға сотталды

0
109

Каир соты Мысырдың бұрынғы президенті Мохаммед Мүрси­ді 2013 жылы «Аль-Иттихадия» сарайының қасында болған нара­зы­лық шарасына байланысты іс бойынша 20 жылға соттады.
Соттың айыптау қо­ры­тын­дысы бойынша, Мүрси оппозиция өкілдерін өлтіруге итермелеген. «Мұсылман бауырлар» қоз­ға­лысы биліктен кет­кен пре­зи­дентті қолдау мақса­тын­да жұрт­шылықты наразы­лық ша­раларын өткізуге шақыр­ған болатын. Наурыз айында Мысыр билігі Мохаммед Мүр­си­дің өлім­ге кесілген жақтастары­на қа­тыс­ты алғашқы шешімді іс­ке асырды. Жазаға кесіл­ген азамат «Мұ­сыл­ман бауырлар» қоз­ға­лыс­ының жетекшісі би­лік­тен ке­ті­рілгеннен кейін 2013 жылы бол­ған қақтығыс­тар ке­зін­де адам өлтірген деп танылды.

Жауап қалдыру