Мысырдағы террорлық шабуыл

0
15

Мысырдағы эль-Ариш қаласына жақын аумақтағы елдімекендердің біріндегі мешітке өткен жұмада террорлық шабуыл жасалып, оқиға салдарынан 305 адам қаза болды. Олардың 27-сі бала. Ал жарақат алғандар саны 128 адам RT агеттігі.
Қаза тапқандардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар мен әскери адамдар.
Египет армиясы террорлық шабуылдан кейін жүргізген арнайы операция барысында Эр-Рисан елдімекенінде 30-ға жуық күдіктіні өлтірген. Бұл туралы әскерилер өкіліне сілтеме жасап Sky News Arabia хабарлады. Бұған дейін әскерилер шабуылға қатысты күдіктілер мінген бірнеше көлік пен жасырынған орындарын әуеден соққы беріп жойғанын айтқан еді. Египет Бас прокуратурасы жарылысты жасаған террорист өзімен бірге ИМ террористік ұйымының туын алып жүргендігін хабарлады.

Жауап қалдыру