Мексикада сайлау науқаны қантөгіске ұласты

0
57

Мексика саясаткерлеріне қарсы жасалып жатқан қастандық тоқтар емес. Жаппай сайлауға санаулы күн қалғанда Оахака штатындағы Сан-Педро-Почутла қаласына мэр болуға үміткер Раймундо Кармонаға белгісіз біреулер оқ жаудырды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, саясаткер жедел ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға дейін сайлауалды науқанына байланысты іссапарда жүрген Эмигдио Лопес Авенданьо мен оның 4 көмекшісі марқұм болды. Ол «Ұлттық жаңғыру партиясы» мүшесі және депутат болуға үміткер еді. Олардың мәйіті Оахака штатынан 60 шақырым жерде табылды.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындары бас прокуратура жанында жиналып, істің мән-жайын анықтауды талап етті. Айта кету керек, сараптамалық ком­паниялардың статис­тикасына сәйкес, сайла9­уалды науқаны бастал­ған қыркүйектен-маусымға дейінгі аралықта 113 шенеунік көз жұмды. Марқұмдар әр түрлі партия өкілдері болатын. Құқық қорғау органдары бұл қаралы іске мафияның кінәлі екенін алға тартады. Алайда іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. «Болған оқиғаға қатысты марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Штаттың үкіметі қажетті барлық міндетті өз мойнына алады. Сонымен қатар істің мән-жайын толық анықтау үшін прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін боламыз», – дейді Оахака штатының бас хатшысы Гектор Ануар.
Еске сала кетсек, Мекси­кадағы жалпыхалықтық сайлау 1 шілде күні өтпек. Сайлауда ел президенті, Конгресстің 500 депутаты және Сенатқа 128 үміткер додаға түспек.

Жауап қалдыру