Махатхир Мохамад қайта билікке келді

0
40

10 мамырда Куала-Лумпурда сайлау өтіп, премьер-министр Наджиб Разак жеңіліске ұшырады. 92 жастағы оппозициялық партия өкілі Махатхир Мохамад жеңіске жетіп, Малайзия билігінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. 64 жастағы Наджиб көптеген дау-дамайға басы қалып, сайлау кезінде Махатхир партиясынан жеңіліс тапты. Ал Махатхир Мохамад бұрын елді 22 жыл басқарған, елде өткізіліп отырған 14-ші жалпыхалықтық сайлауға қатысу үшін зейнеттен қайта оралды.
Малайзиядағы ең беделді саяси отбасының мүшесі Наджибтің жеңіліске ұшырауы күтілмеген жағдай. Оның Барисан Насиональ деп аталатын коалициялық партиясы ел тәуелсіздік алғалы бері 61 жыл бойы Малайзияны басқарып келген. Парламенттегі 222 орынның 121-ін енді Махатхирдің коалициясы алатын болады. Ал Барисан Насиональ партиясы 2013 жылы сайлауда алған 133-орыннан енді тек 79-орынға ие болып қалды. Ал 10, 11 мамыр күндері енді мемлекеттік мереке ретінде Малайзия тарихындағы ең маңызды күн болып жарияланды.

Жауап қалдыру