Марста қаңқа табылды

0
46

Басқа планетадан келген артефактілерді зерттеуші Скотт С. Варинга өзінің ufosightingsdaily.com сайтына кезекті жұмбақ суретін жариялады.
Суретті НАСА Марсқа жаса­ған экспедициясы кезінде түсі­ріпті. Онда адамның бас сү­йегіне ұқсас қаңқа көрініп тұр. Зерт­теуші Скотт С. Варинганың болжамынша, қызыл планетада өмір сүрген баяғы марс адамдарының бас сүйектері осындай болған.
«Бас сүйек үлкен. Ол кө­лемі жағынан адамның бас сүйе­гімен шамалас. Мен мұның ду­лыға екеніне сенбей­мін. Ду­лыға мұрын тұсын дәл осын­шалықты дәлдікпен көр­сетіп бере алмайды. Оның төменгі желке тұсы да адамның қаңқа­сына қатты келеді. Марс­тағы бас сүйек Жердегі адамның бас сүйегінен айнымайды екен», – дейді Скотт С. Варинга.

Жауап қалдыру