Ұлыбритания экономикасы құлдырай бастады

0
21

Шетелдік инвестициялар туралы жүргізілген соңғы зерттеулер нәтижесінде Ұлыбритания экономикасының құлдырай бастағаны белгілі болды, – деп хабарлайды The Independent басылымы.
2017 жылдың есебінде Brexit-тің Ұлыбритания экономикасына едәуір залал келтіргені айтылған. Инвес­тициялардың төмендеуі, әсіресе, қаржы мен бизнес-қызметтер саласында ерекше байқалған. Еуропа бойын­ша инвестициялық ағымды зерттейтін EY Attractiveness Report ұйымының есебінде Ұлыб­ританияға кірген ин­вести­цияның цифрлық ин­вес­тиция­лардың 22 па­йызға арту есебінен 2017 жылы 6 пайызға өскені айтылады. Дегенмен, 2017 жылы Ұлыбрита­ниядан сыртқа кеткен инвестицияның өсімі едәуір көбейген. Нақтырақ айтсақ, былтыр 464 инвестиция мемлекетті тастап кеткен. Бұл көрсеткіш оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Былтыр мемлекеттен кеткен инвестицияның 110-ы Германияға, 79-ы Францияға кеткен болып шықты.
Фирмалардың бухгалтерлік есептері негізінде жүргізілген зерттеулерге сенсек, қаржы саласында мемлекеттен кеткен инвестициялық жоба­лар бір жылда 93 пайызға көбейген. Ал биз­нес саласында 7 пайызға өсім байқалған. Ұйым баян­да­масында фирмалар бәсекеге қабілетті Еуропаға кетуге талпынып жатқаны айтылады. Себебі Ұлыб­ри­танияда қалу ортақ нарықтан шығу керектігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, шетелдік инвес­торлар үшін ең тартымды қала ретінде Париж таныл­ған. 2004 жылдан бері бұл орында тек Лондонның аты аталатын еді. EY есебіне сенсек, Ұлыбританияда кеміген қаржы саласындағы инвес­тициялық жобалар Еуроодақта 13 пайызға арт­қан. 2017 жылдың жел­тоқсан айында Ұлыб­ритания өнеркәсібі конфедера­ция­сы­ның президенті Пол Дрешслер Брексит компа­ния­ларға ең нашар болжам­дарға да­йын­дала беру керектігін мәлім­деген болатын.

Жауап қалдыру