Ұлы Қытай қорғаны құрып кете жаздап тұр

0
52

«Ұлы Қытай қорғаны бір кірпішінен кейін бір кірпіші алынып, ақыры құрып бітеді», деп хабарлайды CNN телекомпаниясы.
Телеарна тілшісі сүйеніп отырған мәлімет бойынша, осыған байланысты қазір Қы­тайда көне замандардағы қор­ғаныс бекіністерін қылмыс­тық дәрежеде талан-таражға салып, ұрлап кетуден қорғау жөнінде жаңа бір науқан басталып кеткенге ұқсайды.
Солардың ең алдыңғы ле­гінде тұрған Ұлы Қытай қор­ғаны империяны сыртқы жау­дан, көшпенділер шабуы­лынан қорғау үшін біздің дәуірі­мізге дейінгі үшінші ғасырда салынған. Алай­да, қанша ты­йым салынғанына қара­мас­тан, бұл қорғанға жергілікті тұрғындар тара­пынан шабуыл жасау тоқтатылмай келеді. Жұрт үй салу үшін оның кір­піш­терін кертіп алуларын қоятын емес. Ал шетелдерден келген туристер оны кәдесый ретінде алуға құмартып тұрады екен.

Жауап қалдыру