Лондондағы теракт кезінде 5 адам мерт болды

0
30

22-наурыз күні Лондонда болған теракт кезінде мерт болғандар саны 5 адамға жетті, тағы 40 адам жарақат алған, деп хабарлады Скотлан-Ярдың терроризмге қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Марк Роули.
Осыған дейін терактінің салдарынан 4 адам мерт болып, кемінде 20 адам жара­қаттан­ғаны хабарланған болатын.
«Жарақат алғандардың саны 40 адамға жетіп отыр, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Дип­ломатиялық өкілдіктерді қорғаушы полиция қызметкері Кит Палмерді қоса алғанда 5 адам мерт болды», – деді Роули.
Теракт туристер үшін ең танымал аймақтардың бірінде болды. Вестминстер көпірінен өтіп бара жатқан көлік тро­туарға шығып кетіп, бірнеше адамды қағып, Парламент ғимаратына жеткен кезде жүргізушіні полиция тоқтатты. Ол полиция қызметкерін пы­шақпен жара­қаттап, тәртіп сақшысы алған жарақатынан қаза болды. Террорист болуы мүмкін деген күдіктіні тағы бір полиция қызметкері атып тас­тады.

Жауап қалдыру