Әлеуметтік желілер – адамзатқа төнген қауіп

0
128

Танымал инвестор Джордж Сорос Facebook пен Google-дің қазіргі қоғамға төніп тұрған қауіп екенін айтты. Сорос Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумда интернет-алпауыттарының адамдарды басқаруға және оларды өз өнімдеріне тәуелді етуі үшін заманауи демократияға қауіп төндіре отырып, қатал саясат жүргізуге құқықтары жоқ екенін айтты.
Сондай-ақ, Сорос екі компанияның адам­дардың санасы мен ақыл-ойын басқарып отыр­­ғанын сынға алды. Ол мұның барлы­ғын кор­порациялар өз коммерциялық мүдделері үшін жасап отырғанына сенімді. Мультимил­лионер атап өткендей, интернет-алпауыттар казино сияқты өз клиенттерін құмарлыққа тәуелді етуде. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде көптеген желі қолданушыларының таңдау еркіндігі мен ой-санасының саулығына да зор қауіп төндірмек. «Монополиялық дистрибью­терлерге айналуы оларды қоғамдық құрал қатарына қосады. Олар инно­ва­цияның дамуы үшін әділ әрі ашық қолже­тімділікті және бәсекелестікті сақтауға бағытталған қатаң талаптарға бағынуы тиіс», – деп есептейтінін жеткізді Сорос.

Жауап қалдыру