Әлемдегі ең мықты жасанды жүрек

0
22

Америка ғалымдары әлемдегі ең мықты жасанды жүректі жасап шығарды. Жұмсақ материалдардан жасалған мүше басқа құралдарға қарағанда сұйықтықтың көп көлемін өткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Advanced Materials.
Иілгіш силиконнан жасал­ған жасанды жүрек қатты ма­териал­дан жасалған кардиоп­ротездерге қарағанда ішіне ауаның өткізілуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында мүше кәдімгі жүрек тәрізді жұмыс істейді. Сыртқы сорғы дене тіндерімен химиялық реакцияға түспейтін материалдардан жа­салған. Оның көмегімен ауа мен сұйықтық жасанды жү­рек арқылы өтеді. Протез плас­тиктің жұқа қабатымен жабылған, бұл материалдардың ағып кетуіне жол бермей, терінің рөлін атқарады.Төрт ка­ме­радан тұратын адам жүре­гіне қарағанда, жаңа аппа­раттың екі камерасы ғана бар. Ғалымдар олардың арасындағы сұйықтықтың тұрақты өтіп тұруына сорғыға ауа кіргізу арқылы қол жеткізгені атап өтіледі. Әзірге жасанды жүрек медициналық мақсатта пай­далануға дайын емес.

Жауап қалдыру