Әлемдегі ең үлкен ұшақ сатылмақ

0
101

Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын 400 миллион долларға сату жоспарланып отыр, деп хабарлайды CNBC телеарнасы дереккөзге сілтеме жасап.
Stratolaunch орбитаға зы­мыранды ұшыруға арнал­ған. Телеарнаның мәлімет­теріне қарағанда, бағаға ұшаққа ие болумен қатар, зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді. Еске сала кетсек, сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді. Сынақ кезінде әуе кемесі 5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдық көрсеті. Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 доңғалағы орнатылған.

Жауап қалдыру